«Кәсіби инженерлер – консультанттар Қазақстандық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері 2026 жылғы 18 мамырда Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер қауымдастықтарының Бірінші ұлттық форумының жұмысына қатысты. Форум аясында еңбек нарығын дамыту, жұмыс берушілер институтын нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігі мен көшбасшылығын қолдау мәселелері талқыланды.