«Кәсіби инженерлер – консультанттар Қазақстандық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ-ның қаржы маманы Әйгерім Жумагулова 2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Армения Республикасы, Ереван қаласында өткен III Кавказ және Орталық Азия Құрылыс форумына қатысты.
Аталған форум Innovative Engineering компаниясының ACEG, Hogan Lovells және Intelligent Solutions ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылып, жоғары кәсіби деңгейде және ашық, мазмұнды форматта өтті.
Іс-шара барысында FIDIC келісімшарттарының практикалық қолданылуына ерекше назар аударылып, теориядан гөрі нақты тәжірибелерге негізделген мазмұнды пікірталастар жүргізілді. Қатысушылар FIDIC шарттарының айқын әрі тиімді ережелерді қалыптастырудағы маңызын атап өтіп, олардың дауларды арбитраждық соттарға жеткізбей, алдын ала реттеуге мүмкіндік беретін пәрменді құрал екендігін ерекше атап өтті.
Форум аясында дауларды ерте кезеңде шешу және олардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Негізгі басымдық «дауларды шешуге» емес, олардың туындауына жол бермеуге, яғни тараптар арасында ашықтық, өзара құрмет пен сенімге негізделген келісімшарттық қатынастарды қалыптастыруға берілді.
Форумның басты құндылығы оның қатысушылары болғанын ерекше атап өткен жөн. Білікті сарапшылардың қатысуы, сындарлы диалог, жаңа іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігі және саланың тұрақты дамуына деген сенім іс-шараның жоғары деңгейде өткенін көрсетті.
Сондай-ақ, форумның ұйымдастырылу деңгейі жоғары болғанын атап өтіп, армян әріптестерге аталған іс-шараны табысты өткізгені үшін шынайы алғыс білдіреміз. Алдағы қызметтеріне табыс, жаңа жетістіктер тілейміз.