«Кәсіби инженерлер – консультанттар Қазақстандық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ басшылары Арыстан Масанов пен Жандос Аманбаев ағымдағы жылдың 23–27 наурызы аралығында Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық форумының (WP.1) 92-сессиясына қатысуда.
Форум аясында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы халықаралық саясаттың негізгі мәселелері қарастырылуда: 1968 жылғы Жол қозғалысы туралы конвенция, 1968 жылғы Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенция, автоматтандырылған көлік құралдарын қауіпсіз қолдану, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, Safe System тәсілін дамыту және басқа да өзекті мәселелер.
Қазақстан өкілдерінің аталған форумға қатысуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға және озық халықаралық тәжірибені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып енгізуге стратегиялық маңызға ие.